Қазақстандағы ипотекалық нарық дамуының қазіргі жағдайы
Аннотация
Бұл мақалада Қазақстандағы ипотекалық нарықтың қазіргі
дағдарыс кезіндегі даму деңгейі туралы айтылады. Тұрғын-үй
және құрылыс нарығының дамуы әрбір мемлекеттің әлеуметтік
және қаржылық дамуының экономикалық негізі болып табылады.
Тұрақты экономикалық және әлеуметтік жағдайдың өсуі ел
экономикасындағы тұрғын-үй және құрылыс нарығының дамуымен
тікелей байланысты. Ипотекалық нарықтың дамуы еліміздің
қаржылық жағдайына тікелей әсер етеді. Адамдарды тұрғын-үймен
қамтылуы мемлекет дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып
табылады. Халықты әлеуметтік тұрғын-үймен қамтамасыз ету
қазіргі кезде мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты.
Бұл салаға Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт
Кемелұлы Тоқаев өзінің жыл сайынғы Жолдауында ерекше мән берді.
Автор
В. Есмагзам, Е. Д. Абисаликов, А. Қ. Қаирбек
DOI
https://doi.org/10.48081/DQDL5944
Ключевые слова
мемлекет, тұрғын-үй, ипотека, экономика, дағдарыс, даму, экономикалық өсім
Год
2020
Номер
Выпуск 3