ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАСТАР ЖҰМЫССЫЗДЫҒЫ ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢСІЗДІКТІҢ ЭКОНОМИКАҒА ӘСЕРІ
Аннотация
Бұл мақалада жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі және еңбек нарығындағы гендерлік теңсіздіктің факторлары ұсынылған. Сонымен қатар осы мақалада жұмыссыздықтың қалыптасуын, жоғары білікті мамандықтарға қол жетімділікті, еңбек ресурстарының сапасын ескере отырып, ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамтылу жағдайларын зерттеуге арналған. Әлем бойынша жаһандануға, технологиялық инновацияларға, демографиялық қозғалыс пен еңбек ресурстарына деген сұраныс трансформациясына байланысты өзгерістер қатары байқалады. Аталған өзгерістер жастардың еңбек нарығына өз әсерін тигізбей өтпеді. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық үдерістерінде орын алып отырған техникалық прогрестің және басқа да факторлардың әсерінен еңбек ресурстарының дағдысы мен біліктілігі қазіргі жағдайда жеткіліксіз болып отыр. Сонымен қатар жастар арасындағы орын алған еңбек нарығындағы гендерлік теңсіздіктер экономика салаларында еңбек ресурстары әлеуетінің тиімді қолданылуына кедергі болып, жастар арасындағы жұмыссыздықты сақтап отыр. Ал еңбек нарығында жастар арасындағы гендерлік теңсіздік әйелдердің экономиканың жан-жақты дамуына қосатын үлесіне шектеу қойып отыр. Осыған байланысты берілген зерттеуде жастар арасындағы жұмыссыздықтың гендерлік теңсіздіктерінің экономикаға тигізетін әсері мен оны жою бойынша ұсыныстар, еңбек ресурстарының тиімді бөлінуі туралы мәселелер қарастырылған.
Автор
Майдырова А.Б., Сабирова Р.К., Мукашева А.Ж.
DOI
10.48081/BGQF1808
Ключевые слова
жұмыссыздық, гендерлік теңсіздік, еңбек, адами ресурстар, мамандық, жұмыспен қамту.
Год
2026
Номер
Выпуск 1