МЕМЛЕКЕТТІК АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК КӨРСЕТУДІҢ ТИІМДІЛІГІ: ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ ЭФФЕКТИВНОСТЬ ПРЕДОСТАВЛЕНИЯ ГОСУДАРСТВЕННОЙ АДРЕСНОЙ СОЦИАЛЬНОЙ ПОМОЩИ: НОВАЯ ПАРАДИГМА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ EFFECTIVENESS OF THE PROVISION OF STATE TARGETED SOCIAL ASSISTANCE: A NEW PARADIGM OF SOCIAL POLICY
Аннотация
Әлеуметтік міндеттемелердің өсуі мен бюджеттік мүмкіндіктің шектеулілігі арасындағы алшақтық мемлекеттік қолдаудың атаулы нысандарын экономикалық тұрғыдан бағалау сұрағын талқы өзегіне шығарды. Табыс тапшылығын өтеу үшін ойластырылған төлемдер бүгінде әлеуметтік тәуекелдерді реттеу тетігі ретінде де, бюджет қаражатын бөлу тәсілі ретінде де қаралады. Функцияның осылай екіұдай болуы атаулы әлеуметтік көмекті шығыс бабы деңгейінде ғана талдауға мүмкіндік бермейді.
Мақала әлеуметтік саясаттың жаңару кезеңіндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті ұсыну тиімділігін бағалауға арналған. Зерттеу нысаны - мемлекеттік қайта бөлу тетігінің құрамдас бөлігі ретіндегі атаулы әлеуметтік көмек жүйесі, ал пәні - оның қызмет етуі барысында туындайтын экономикалық және институционалдық қатынастар. Талдау 2021–2025 жылдардағы ресми статистикаға және нормативтік актілерге сүйенеді; салыстырмалы әрі динамикалық талдау, индекстік бағалау әдістері қолданылды.
Есептеулер алушылар санының қысқаруын және қаржыландыру көлемінің өзгеруін әлеуметтік қорғау деңгейінің құлдырауы деп бірмәнді оқуға болмайтынын аңғартады. Деректер жиынтығы қолдаудың атаулылығы күшейгенін, мұқтаждықты растау рәсімдерінің қатаңдағанын көрсетеді. Сонымен бірге жүйенің осал тұстары да байқалды: мұқтаж үй шаруашылықтарының бір бөлігі іріктеуден тыс қалу қаупі, өңірлік жағдайлардың біркелкі еместігі, нәтиженің статистикалық база сапасына тәуелділігі.
Алынған көрсеткіштер атаулы әлеуметтік көмектің өтемдік құралдан белсенді саясат тетігіне ауысу үстінде екенін жанама түрде растайды, дегенмен бұл тұжырым қосымша тексеруді - ең алдымен өңірлік кесіндіде және панельдік деректер негізінде - талап етеді. Жұмыс материалдары әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру жөніндегі шешімдерді дайындауда пайдаланылуы мүмкін.
Разрыв между ростом социальных обязательств и ограниченностью бюджетных возможностей вывел вопрос об экономической отдаче адресных форм государственной поддержки в число обсуждаемых. Выплаты, задуманные как компенсация дефицита дохода, сегодня рассматриваются и как инструмент регулирования социальных рисков, и как способ распределения бюджетных средств. Двойственность функции не позволяет анализировать адресную социальную помощь только на уровне расходной статьи.
Статья посвящена оценке эффективности предоставления государственной адресной социальной помощи в период обновления социальной политики. Объектом выступает система адресной социальной помощи как элемент перераспределительного механизма, предметом - экономические и институциональные отношения, возникающие при ее функционировании. Анализ опирается на официальную статистику 2021–2025 годов и нормативные акты; применены сравнительный и динамический анализ, а также индексная оценка.
Расчеты показывают, что сокращение числа получателей и изменение объемов финансирования не читаются однозначно как снижение уровня социальной защиты. Совокупность данных свидетельствует об усилении адресности и ужесточении процедур подтверждения нуждаемости. Одновременно обнаружены уязвимые места: риск выпадения части нуждающихся домохозяйств из отбора, неоднородность региональных условий, зависимость результата от качества статистической базы.
Полученные показатели косвенно подтверждают переход адресной социальной помощи от компенсационного инструмента к механизму активной политики, однако этот вывод требует дополнительной проверки - прежде всего на региональном уровне и на основе панельных данных. Материалы работы могут применяться при подготовке решений по совершенствованию механизмов социальной поддержки.
The gap between growing social commitments and limited fiscal capacity has brought the economic return of targeted state support into open discussion. Payments originally designed to compensate for income shortfalls are now also treated as instruments for managing social risks and for allocating budget resources. This dual function makes it difficult to analyse targeted social assistance merely as an expenditure item.
The article assesses the effectiveness of state targeted social assistance during a period of social policy renewal. The object of the study is the targeted social assistance system as an element of the redistribution mechanism; the subject covers the economic and institutional relations arising in its operation. The analysis draws on official statistics for 2021–2025 and on regulatory acts, applying comparative and dynamic analysis together with index-based estimation.
The calculations indicate that a declining number of recipients and shifting funding volumes cannot be read unambiguously as a fall in the level of social protection. Taken together, the data point to stronger targeting and tighter verification of need. At the same time, weak points emerged: the risk that some households in need drop out of the selection, uneven regional conditions, and the dependence of results on the quality of the statistical base.
The findings indirectly support the shift of targeted social assistance from a compensatory instrument towards a tool of active policy, although this conclusion calls for further verification, primarily at the regional level and with panel data. The materials may be used in preparing decisions aimed at improving social support mechanisms.
DOI
https://doi.org/10.48081/BTOUEcon3.2026/213-231
Ключевые слова
атаулы әлеуметтік көмек; әлеуметтік саясат; экономикалық тиімділік; мұқтаждық критерийлері; бюджеттік шығыстар; цифрландыру.
адресная социальная помощь, социальная политика, экономическая эффективность, критерии нуждаемости, бюджет; расходы, цифровизация.
targeted social assistance, social policy, economic efficiency, eligibility criteria, budget, expenditures, digitalization