ИННОВАЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІКТІҢ АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ӘСЕРІ
Аннотация
Бұл мақалада аймақтың инновациялық дамуы мен оған әсер ететін басты факторлар туралы сөз болады. Бүгінде инновациялар кез-келген кәсіпорынның және жалпы экономика дамуының стратегиялық факторына айналғаны айқын, оны өндіріске енгізу нәтижесінде техникалық деңгейі мен тиімділігін жоғарылатуға, өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және экономикалық өсімге қол жеткізуге болады. Шағын кәсіпкерліктің инновациялық дамуы нарықтың жаңа сегменттерін ашып, ғылыми идеяларды жаңа технологиялар мен өнімдерге айналдырып, ғылымның қарқындылығын арттырады. Ел экономикасының болашағын әлеуметтік-экономикалық жүйелердің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін инновацияларсыз елестету мүмкін емес. Инновация материалдық және зияткерлік капиталды жинақтаумен қатар экономикалық өсудің танылған факторына айналуда.
Соңғы онжылдықтарда отандық ғалымдар жүргізген кәсіпкерлікті дамыту, экономикалық дамудың мәселелерін терең зерттеуге қарамастан, шағын және орта кәсіпкерліктің қазіргі жағдайда Қазақстан экономикасының дамуына қосқан үлесі туралы мәселе өзекті болып қала береді. Бүгінде аймақтағы шағын кәсіпкерлік экономикалық және ғылыми-техникалық үдерістің қозғаушы күші мен экономиканың барлық салаларындағы жұмыс беруші болып саналады. Сондықтан аймақ экономикасының инновациялық дамуына шағын кәсіпкерліктің әсерін бағалау сұрақтары әлі де болса қарастыруды қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Автор
М.С.Искакова ,Б.А.Еспенбетова,А.Ж.Зейнуллина
DOI
https://doi.org/10.48081/DMNL6239
Ключевые слова
инновация, аймақ экономикасы, инвестициялар, өңірлік даму, шағын кәсіпкерлік
Год
2024
Номер
Выпуск 2