ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК СЕКТОРЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ҚОЛДАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аннотация
Мақала жаңа технологиялардың әсерінен белсенді трансформация сатысында тұрған Қазақстанның банк секторында жасанды интеллекттің қолданылуын зерттеуге арналған. Зерттеу барысында клиенттерге қызмет көрсету процестерін автоматтандыруды, несиелеу сапасын жақсартуды және тәуекелдерді басқаруды қоса алғанда, банк саласында жасанды интеллектті пайдаланудың негізгі тенденциялары талданады. Банктердің операциялық қызметінің тиімділігін арттыру үшін, сондай-ақ, қаржылық қызметтерді ұсынуда неғұрлым дербестендірілген тәсілді қамтамасыз ету үшін жасанды интеллект жүйелерін енгізу мүмкіндіктері бағаланды. Қазақстанның қаржы ұйымдарында жасанды интеллектті пайдалану кезінде деректердің қауіпсіздігі және нормативтік талаптардың сақталуы мәселелеріне ерекше назар аударылады. Үлкен деректермен жұмыс істеуді оңтайландыру және қаржы ағындарын болжау үшін жасанды интеллект әлеуеті қарастырылуда, бұл экономиканың тұрақсыздығы жағдайында шешім қабылдауды едәуір жақсарта алады. Мақалада сондай-ақ, білікті мамандардың тапшылығы мен технологиялық инновацияларға жоғары шығындарды қоса алғанда, жасанды интеллектті енгізу кезінде қазақстандық банктердің алдында тұрған қиындықтар талданады.
Ғылыми мақаланың мақсаты - Қазақстанның банк секторында жасанды интеллект технологияларын енгізу мен қолданудың өзекті мәселелерін зерттеу, сондай-ақ, олардың қаржы операцияларының тиімділігіне әсерін талдау, клиенттік сервистерді дамыту және экономиканы цифрландыру жағдайында банк мекемелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Жаһандық трендтер мен ұлттық экономиканың ерекшеліктерін ескере отырып, елдің банк секторында жасанды интеллекттің дамуына қатысты болжамдар ұсынылған.
Автор
А. Сабыржан, З.У. Джубалиева, Е.Д. Орынбасарова, Г.И. Жолдасова
DOI
https://doi.org/10.48081/NAGT1195
Ключевые слова
Кілтті сөздер: жасанды интеллект, цифрландыру, банк, инновация, қаржы нарығы, тәуекел, трансформация
Год
2025
Номер
Выпуск 2