ӨҢІРЛІК ДАМУДАҒЫ ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ РӨЛІ
Аннотация
Мақалада Қазақстан Республикасында өңірлерді дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде жобалық басқаруды қолдану ерекшеліктері қарастырылады. Мемлекеттік міндеттер күрделене түскен сайын және ведомствоаралық үйлестіру ұлғайған сайын көптеген дамыған елдер мемлекеттік басқару қажеттіліктеріне жобалық тәсілді бейімдей бастады. Бұл үрдіс Қазақстанда жобалық басқарудың ұлттық жүйесінің қалыптасуына және билік органдарында жобалық кеңселердің белсенді енгізілуіне әкелді. Тақырыптың өзектілігі мемлекеттік басқарудың тиімділігін және аймақтық бағдарламалардың нәтижелілігін арттыру қажеттілігімен байланысты. Зерттеудің мақсаты - аймақтық даму жүйесінде жобалық басқару құралдарын қолданудың рөлі мен практикалық артықшылықтарын анықтау. Зерттеу барысында нормативтік-құқықтық базаны талдау, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру практикасын салыстырмалы талдау және жалпылау әдістері қолданылды. Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жобалық басқаруды енгізудің негізгі тәсілдері қарастырылды. Зерттеу нәтижелері жобалық тәсілді қолдану тиімдірек жоспарлауға, ресурстарды бөлуге, мерзімдерді бақылауға және облысты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге ықпал ететінін көрсетеді. Сонымен қатар, жобалық басқару бағдарламаларды іске асыру процестерінің ашықтығын арттырады және ведомствоаралық үйлестіруді күшейтеді. Жобалық басқаруды енгізу өңірлік саясатты іске асыру тиімділігін арттырудың және Қазақстан облыстарының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды құралы болып табылады деген қорытындыға келді.
Автор
А.Б.Тулаганов¹, *А.М.Атенова², Ж.М.Бұлақбай3, Т.И.Исахметов4, К.К.Байгабулова5
DOI
https://doi.org/10.48081/BGQF2197
Ключевые слова
жобалық басқару, мемлекет, саясат, өңір, жобалық офис, бағдарлама
Год
2026
Номер
Выпуск 2