ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Аннотация
Мақалада Қазақстан Республикасының ипотекалық несиелендіру нарығы және оның даму перспективасы, еліміздегі ипотекалық несиелендіру нарығының бағдарламалары мен статистикалық мәліметтері қарастырылған. Ипотекалық несиелендірудің дамуы елдің экономикасы мен әлеуметтік саласына айтарлықтай әсер етеді, мемлекет үшін ипотека – бұл халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудің ыңғайлы және қарапайым тәсілі болса, қаржы институттары үшін – бұл қаражатты тиімді пайдалану, ал құрылыс компаниялары үшін – байыту тәсілі болып табылады. Қазiргi кезде Қазақстанда ипотекалық несие беру жүйесiн қалыптастыру және дамыту арнайы мамандандырылған мекемелер жүйесiн құрумен тiкелей байланысты. Ипотекалық жүйенің қалыптасуы үшiн кез келген мемлекетте оның инфрақұрылымының қалыптасуы алғы шарт болып саналады. Сонымен қатар еліміздегі ипотекалық несиелендіру бойынша қойылатын талаптардың 2023 жылғы мәліметтеріне талдау жасалынды.
Қазақстан бойынша ипотекалық несие беру нарығы мемлекеттік қаржыландыруға толық тәуелді. 2022 жылы берілген қарыздардың 90 пайызы мемлекеттік бағдарламаға тиесілі екендігі зерттелді. Жеңілдікті бағдарламаларды іске қосумен және БЖЗҚ-нан қаражат алу мүмкіндігімен тұрғын үй бағасының өсуі азаматтардың нақты кірістерінен айтарлықтай ауытқып кетті. Сондай-ақ, тұрғын үй бағасының оны салу шығындарына қатынасы өсуде. Тұрғын үй бағасы құрылыстың өзіндік құнынан 3 есе жоғары, ал бұл көрсеткіш 2016 жылы тек 2 есе жоғары болған еді, өзгеру серпіні айқындалды. Жалпы елімізде ипотекалық бағдарламалардың саны аз емес. Дегенмен олардың көпшілігі, яғни тиімді шарттары бар бағдарламалар белгілі бір әлеуметтік топқа арналған. Сондықтан да баспана қолжетімді болуы үшін аз пайызбен ипотека бағдарламалары керек. Қазақстан ипотекалық несиелендіру нарығының негізгі мәселелері мен оның шешу жолдарына, күшті жақтары мен әлсіз тұстарына, мүмкіндіктері мен қауіп қатерлеріне сипаттама беріліп, SWOT талдау жасалды.
Автор
Ғ.Е.Керімбек, Б.К.Нурмаганбетова, Н.С.Кусаева, Г.А.Куаналиeва, А.А.Шадиева
DOI
https://doi.org/10.48081/HDDX6508
Ключевые слова
ипотека, несие, банк, ипотекалық несие, несие нарығы, ипотекалық бағдарлама
Год
2023
Номер
Выпуск 4