ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ЖЕКЕ ҚОРҒАНУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ
Аннотация
Берілген мақалада жұмыскерлерді жеке қорғаныс құралдарымен
(бұдан әрі-ЖҚҚ) қамтамасыз етудегі халықаралық және отандық
тәжірибе қарастырылған. ЖҚҚ-ны халықаралық практикамен
қолдануда регламенттейтін нормаларға, атап айтқанда,
сертификаттауға және халықаралық сапа стандарттарына
сәйкестігіне талдау жүргізілді. Мақалада Россия, Германия,
Польшаның заңдарына сәйкес ЖҚҚ байланысты жұмыс берушілердің
міндеттері келтірілген. Сонымен қатар Қазақстан республикасының
заңнамаларына сәйкес жұмыс берушілердің жұмыскерлерді ЖҚҚ-
мен қамтамасыз ету міндеттері көрсетілді. Халықаралық еңбек
ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) ЖҚҚ қолдану бойынша Қазақстанда
ратификацияланған конвенцияларының міндеттері көрсетіліп
талданды. Мақала авторлары халықаралық тәжірбилерді ескере
отырып ЖҚҚ-ны таңдау кезінде өндіріс ортасы тиісті түрде
зерттелініп тәуекелдерді бағалау жүргізілуі керек деген ұсыныстар
берілді. Өйткені бұл, ең алдымен, жұмыскерлардің өмірі мен
денсаулығын сақтап қана қоймай, сонымен қатар еңбек өнімділігін
арттыратыны белгілі. Сонымен қатар жұмыскердің кәсіби
тәуекелін ескере отырып, жаңа тәсілдерді ғылыми негіздеу керек
екені айтылды.
Автор
А. Д. Қаңтарбаева, Д. Б. Қазбекова
DOI
https://doi.org/10.48081/ZXJT2911
Ключевые слова
техникалық қайта жабдықтау, жеке қорғаныс құралдары, жұмыс берушілер, сертификат, тәуекелдерді бағалау.
Год
2021
Номер
Выпуск 1